Қосшы қаласында 15 кәсіпкерге 4,5 млн теңгелік берешек төленді

Бүгiн, 19:29
168
Бөлісу:
Қосшы қаласында 15 кәсіпкерге 4,5 млн теңгелік берешек төленді
Фото: Артём Чурсинов -архив

Ақмола облысының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысының прокуратурасы мәлім еткендей, Қосшы қаласының прокуратурасы "Қосшы қаласының №1 қалалық емханасы" ШЖҚ МКК жұмысын талдау барысында жеткізілген тауарлар үшін келісімшарттар бойынша бір ай ішінде төленуі керек болған ақшалай қаражатты жарты жылдан астам уақыт бойы төлемеу арқылы 92 кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілерін анықтады. 

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша бүгінгі күні 15 бизнес субъектісіне 4,5 млн теңгелік берешек төленді. Қалған кәсіпкерлерге берешек бір ай ішінде төленетін болады, - делінген ақпаратта. 

Бұл бағыттағы жұмыс Қосшы қаласы прокуратурасының бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы