Қосшы қаласы мен Қабанбай батыр ауылы арасындағы жолға жөндеу жүргізіледі

19 Маусым 2023, 08:47
1249
Бөлісу:
Қосшы қаласы мен Қабанбай батыр ауылы арасындағы жолға жөндеу жүргізіледі
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Жол жөндеу мамандары Ақмола облысындағы республикалық маңызы бар Р-3 «Астана-Қабанбай батыр-Энтузиаст-Киевка-Теміртау» (16-35 шқ арасы) күре жолының нашар күйде болған 19 шақырымдық бөлігін жөндеді. Жұмыстар мерзімінен бұрын аяқталды, деп жазды QazAvtoJol баспасөз қызметі.

Мамандар жаңа асфальт жабынын төсеп, жол жиегін тығыздап, жол таңба сызықтарын жаңартты.

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Құрылтай» тұрғын үй кешенінің қасында және Қосшы қаласына іргелес учаскеде 2 жаңа бағдаршам орнатылды. Жергілікті тұрғындардың өтінішіне сәйкес «Құрылтай» тұрғын үй кешенінің қасында жаңа аялдама павильоны да орнатылмақ.
Сонымен қатар Қабанбай батыр ауылының ішімен өтетін жол бөлігінде ескі көше шамдары заманауи энергияны үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыстырылды. Олар жолдарда, әсіресе түнгі уақытта тиімділігі жоғары және жолдарды автокөлік жүргізушілері үшін жарық және қауіпсіз етеді. Бұл жаяу жүргіншілер үшін де ыңғайлы.

Өзгелердің жаңалығы