Қошқарбаев көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

10 Шілде 2024, 15:16
248
Бөлісу:
Қошқарбаев көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Фото: Елорда әкімдігі

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы М.Төлебаев көшесінен Өзбекәлі Жәнібек көшесіне дейінгі учаскедегі Р. Қошқарбаев даңғылындағы жол төсеміндегі кемшіліктерді жою бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жұмыс мердігер ұйымның кепілдік міндеттемелеріне сәйкес өз қаражаты есебінен жүргізіледі.

Қошқарбаев көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Осыған байланысты 10-11 шілде күндері жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы