Қошанов ресейлік саясаткердің Қазақстан жайлы шулы мәлімдемесі туралы: Қажет болса, Мәжіліс отырысында қараймыз

23 Қараша 2022, 14:24
1096
Бөлісу:
Қошанов ресейлік саясаткердің Қазақстан жайлы шулы мәлімдемесі туралы: Қажет болса, Мәжіліс отырысында қараймыз

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ресейдің мемлекеттік «Россия 1» телеарнасында «Владимир Соловьевпен» бағдарламасында «Ресей үшін Украинадан кейінгі проблема – Қазақстан» деп айтқаны белгілі. 

Қазір қоғамда әлдебір ресейлік сарапшының Ресейдегі мемлекеттік телеарна эфирінде «Қазақстан – келесі нысан, өйткені біздің ұлтшылдық көңіл күйдеміз» деп айтқан. Бұған не дейсіз? Осы орайда біз – қазақстандық БАҚ ұлтаралық араздықты қоздыру, мемлекеттің бүтіндігіне нұқсан келтіретін нәрселер айтсақ, заң алдында жауаптымыз. Ресейлік БАҚ-қа мұның қатысы жоқ. Бірақ бізде осы телеарналарды трансляциялайтын кабельдік арналар бар. Неге оларға, осындай жекеменшік телеарналарға ешқандай жауапкершілік жоқ?, - деп сұрады тілші. 

Таңертеңнен бері Мәжіліс отырысында отырғандықтан, өкінішке қарай, бұл роликті қарап үлгермедім. Егер ол жерде Қазақстанның қызығушылығына қатысты сөз қозғалса, әрине, депутаттар да, Сыртқы істер министрлігі де сәйкесінше жауап қататынына күмән болмау керек. Кабельдік операторлардың жауапкершілігіне келсем, заң бұзылса, олар жауап беруі тиіс. Егер қолыңызда қандай да бір деректер болса, бізге – Палата спикері ретінде маған, депутаттарға немесе құқық қорғау органдарына ұсынсаңыз болады. Тиісті сұраныс жасаймыз, болмаса министрді шақырып, тіпті қажет болса, Мәжіліс отырысында қарай аламыз, - деді Мәжіліс төрағасы Палатаның жалпы отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, бұған дейін қоғамда қызу талқыланып жатқан бұл мәселеге қатысты Сыртқы істер министрлігі жауап берген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы