Қошанов Халық Кеңесінің алдына қандай міндет қойылғанын айтты

Жаңа саяси институт азаматтар мен мемлекет арасындағы тұрақты серіктестік алаңына айналуға тиіс.

 BAQ.KZ архиві 23 Қыркүйек 2026, 15:05
23 Қыркүйек 2026, 15:05
185
Фото: BAQ.KZ архиві

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов кеңестің алғашқы отырысында жаңа саяси органның алға қойған міндетерін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгін әрқайсымызға үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Біз сан қырлы қазақстандық қоғамның мүддесін білдіретін жаңа саяси институттың мүшесі атандық. Сондықтан бәріміздің алдымызда тарихи ауқымдағы міндет тұр: бұл институтты нақты мазмұнмен толықтыруымыз керек, - деді Ерлан Қошанов.

Оның айтуынша, Қазақстан Халық Кеңесі азаматтар мен мемлекет арасындағы тұрақты өзара іс-қимыл алаңына айналуға тиіс.

Халық Кеңесі шын мәнінде халықтық сипатқа ие болып, өз атауына толық сәйкес келуі керек. Ол азаматтар мен мемлекет арасындағы тұрақты серіктестік орнына айналуы тиіс. Мұнда халықтың пікірі мен бастамалары елдің дамуына ықпал ете алуы қажет, - деді Кеңес төрағасы.

Қошанов қазіргі құрамның Қазақстан тарихындағы алғашқы Халық Кеңесі екенін атап өтті.

Бұл – еліміз тарихындағы алғашқы Халық Кеңесі. Сондықтан оның алдында ерекше жауапкершілік пен айрықша міндеттер тұр. Сіздермен бірге халқымыз бен Президентіміздің сенімін ақтайтынымызға сенімдімін, - деді ол.

Еске салайық, бүгін елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиынның ашылуында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеңестің төрағалығына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынған болатын.

Дауыс беру қорытындысына сәйкес, Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды

Наверх