Қошанов әскер қатарындағы заңсыздықтардың жиілегенін айтты

4 Қыркүйек 2024, 10:31
516
Бөлісу:
Қошанов әскер қатарындағы заңсыздықтардың жиілегенін айтты
Фото: Арман Мухатов - Архив

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов халықтың алаңдаушылығын туғызып отырған бірнеше мәселені қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жолдаудың басым бөлігі қоғамның нақты қажеттілігі мен сұраныстарына негізделгенін атап өткен жөн.
Біз өңірлерде халықпен кездестік.

Президент айтқан мәселелер жұршылықты толғандырып жүргенін білеміз, – деді Мәжіліс төрағасы.

Қошанов соңғы жылдары жол апаттарының артқанын атап өтті.

Соның салдарынан адамдардың опат болуы, әскер қатарында жарғыға сай келмейтін заңсыздықтардың жиілеп кетуі халықтың алаңдаушылығын туғызып отыр. Заңнаманы қатаңдатқанымызға қарамастан, халық арасында есірткі тұтыну әлі де қиын мәселе болып қалуда. Сан түрлі өршіген алаяқтық әрекеттермен халық күн сайын дерлік ұшырасып жатыр. Осы мәселелерді шешуге депутаттық корпус – біз атсалысуымыз керек. Енді мемлекеттік органдармен бірлесіп, ең алдымен заң мен құқықтық тәртіпті сақтауға бағытталған жұмысты жалғастыруға тиіспіз, – деді Мәжіліс төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы