Қошанов әріптесі Жигули Дайрабаевқа қатысты пікір білдірді

10 Мамыр 2023, 13:32
1799
Бөлісу:
Қошанов әріптесі Жигули Дайрабаевқа қатысты пікір білдірді
Фото: t.me/mazhilis_kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутат Жигули Дайрабаевтың депутаттық мандатын тапсыруға қатысты жарияланған петицияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жигули Дайрабаев депутаттығына, тікелей өз басына қатысты заңды мәселе туындап тұрған жоқ. Мәселе балаларына қатысты. Сондықтан осы ел алдында жүрген азамат болғандықтан, ол депутаттың балалары, туысқандары, барлығы ашық кеңістікте. Барлығын микроскоппен қарап отырады. Сол себепті біз ашық қоғам болғандықтан, шалт басқан әрбір қадам жарияланады, - деді Қошанов.

Оның сөзінше, депутат заң бұзса, оны партия шешуі керек.

Егер депутат Дайрабаев заң бұзса, онда ол бірінші кезекте «Ауыл» партиясы тізімі арқылы келгендіктен шешімді партия қабылдауы керек деп есептеймін. Жигули Дайрабаевқа қатысты заңды мәселе жоқ, - деп жауап берді Мәжіліс төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы