Қос азаматтық: ШҚО-да 38 адам жауапқа тартылды

Жыл басынан бері 620-дан астам адамның Қазақстан Республикасы азаматтығының жоғалғаны ресми түрде тіркелді.  

 pexels.com 24 Қыркүйек 2026, 06:38
24 Қыркүйек 2026, 06:38
167
Фото: pexels.com
Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері басқа мемлекеттің азаматтығын алғанын хабарламаған 38 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көші-қон қызметінің мәліметінше, осы кезеңде 620-дан астам адамның Қазақстан азаматтығын жоғалтқаны ресми түрде тіркелген. Анықталған жағдайлардың басым бөлігі көрші мемлекеттердің азаматтығын алған адамдарға қатысты.

Мәселен, Алтай ауданының 21 жастағы тұрғыны басқа мемлекеттің азаматтығын алғанымен, бұл туралы уақтылы құзырлы органдарға хабарламаған. Тексеру барысында оның құжаттары тәркіленіп, Қазақстан азаматтығының жойылғаны ресми тіркелді.

Полиция өзге мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда бұл туралы көші-қон қызметіне уақтылы хабарлау қажет екенін ескертті. 

Наверх