Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары кәмелетке толмағандар арасында қорқытып алу фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қадағалаушы органы Ленинград ауылшаруашылық колледжінің студенттерімен жеке әңгімелесу барысында бірінші курс студенттерінен ақша қаражатын жүйелі түрде қорқытып алу фактісін анықтады.
Прокуратураның материалдарына сүйене отырып, бұл факт Қылмыстық кодекстің 194-бабының 1-бөліміне сәйкес Ақжар аудандық полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне дереу тіркелді.
Ақжар аудандық сотының ағымдағы жылғы 28 қарашадағы үкімімен аталған колледждің үшінші курс студенті осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
Бүгінгі күні үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кету кетерлігі, аталған фактіні оқу орнының басшылығы білгенімен, құқық қорғау органдарына хабарланбаған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жасалған бұзушылықтар үшін колледждің директоры мен жауапты тұлғалары заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылып, болашақта мұндай фактілердің орын алуына жол бермеу жұмыстарын ұйымдастыру қайта қаралды.
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін бұзған жағдайда облыс прокуратурасының 8-7152-36-03-83, 8-771-362-08-99 сенім телефонына, сондай-ақ "SKO URPAK/ПОКОЛЕНИЕ" (QR коды барлық білім беру ұйымдарында орналастырылған) Телегам-ботқа хабарласуға болатынын еске саламыз.