«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Қорқыт» биографиялық драмасы Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің телеарналарынан көрсетілетін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ qazaqstan.tv сілтеме жасап.
Телехикая Түркияның «TRT», Әзірбайжанның, «AzTV», CBC TV арналары, Қырғызстанның «КТРК» және Өзбекстан мемлекеттік телерадиокомпаниясы арқылы түркі мемлекеттерінің аудиториясына ұсынылады.
Телехикая аталған елдерде түрік, қырғыз, әзірбайжан, орыс тіліндегі дубляжбен көрсетіледі.
Төрт бөлімді тарихи драманы «Қазақстан» Корпорациясы Өзбекстан және Қырғызстан елдерімен бірлесе түсірді. Телехикаяның түсірілім жұмыстары Алматы облысы мен Өзбекстанның Хиуа қаласында жүргізілді.
Сериалда қырғыздың атақты манасшысы Рысбай Исақов пен танымал актері Аскат Сулаймановтың рөлдері бар.
Телехикаяның отандық арнадағы тұсаукесері «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан 16-17 желтоқсан күндеріне жоспарланған.