Қытайда Жаңа жыл мерекесіне байланысты Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы орталығы 14 күнге уақытша жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚХР аумағындағы бекет 2026 жылғы 16 ақпаннан 1 наурызға дейін жұмысын тоқтатады. Осыған байланысты аталған мерзімде «Қорғас» орталығы келушілер үшін толық жабық болады.
Осы уақыт аралығында Қазақстан тарапы орталықтың өз жағындағы ғимаратында жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізеді.
2 наурыздан бастап орталық қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.
Айта кетейік, бұған дейін Қорғастан не сатып алуға болатынын жазған едік.
Сондай ақ Қазақстан мен Қытай делегациялары "Нұр Жолы" – "Қорғас" өткізу пункттерінде бірлескен инспекция өткізіп, шекараны кеңейтпек болған.