Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті

31 Наурыз 2022, 12:40
1499
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінде генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Отырысқа Қауіпсіздік кеңесі аппаратының өкілдері, Қарулы күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылығы қатысты.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов әскери доктринаны қайта қарау жөніндегі жұмыстың барысы туралы баяндады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында құжатты жаңарту қажет екендігін атап өткен.

Отырыс барысында аумақтық қорғанысты одан әрі дамыту шаралары, сондай-ақ қорғаныс саласындағы басқа да өзекті мәселелер қаралды.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәселелері мен негізгі бағыттарын қарастыратын консультативтік-кеңесші орган екенін атап өткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы