Ол үшін еліміздің орта білім мекемелерінде алғашқы әскери дайындық сабақтары жаңартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанда мектеп оқушыларына арналған алғашқы әскери дайындық жүйесін жаңарту жоспарланып отыр. Қорғаныс министрлігі “Алғашқы әскери және технологиялық дайындық” пәнінің атауын “Отан қорғаушы” деп өзгертіп, жаңа оқу бағдарламасын енгізуді ұсынды.
Жаңартылған курс бағдарламасы:
• 10–11-сынып оқушыларына арналған, жалпы 72 сағат
Заманауи пәндер қосылады:
• Әскери роботтар және жасанды интеллект.
• Ақпараттық қауіпсіздік негіздері.
• Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Әскери доктринасы.
• Оқу-далалық модулі.
Бұл бағдарлама патриоттық тәрбиені күшейтуге және жастардың әскери дайындығын арттыруға бағытталған. Курсты енгізу 2026–2027 оқу жылына жоспарланған, қазіргі уақытта жоба Оқу-ағарту министрлігінде талқылану сатысында.