Қорғаныс министрлігі қанша әйел бітімгерлік миссиясын өткеріп жүргенін айтты

19 Қаңтар 2024, 14:38
896
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігі қанша әйел бітімгерлік миссиясын өткеріп жүргенін айтты
Фото: Арман Мухатов

Мәжілістің кулуарында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қанша әйел бітімгерлік миссиясын өткеріп жүргенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, Қазақстанның бітімгершілік күштерінде қазір бір әйел бар.

Қазір Батыс Сахарада бір әйел офицер бар. Біздегі келесі ротада жеті әйел әскери қызметкер бар. Ал контингентті ауыстырған кезде бұл санды көбейтуге тырысамыз, - деп айтты Қорғаныс министрі.

Министрдің айтуына қарағанда, әйелдер негізінен дәрігер, аудармашы, техникалық жұмысшы қызметтерін атқарады.

Жақсылықовтың айтуынша, әскерде «қыз» деген анықтама жоқ. Әскерде әйел сарбаздар бар.

Әскерде әйел әскери қызметшілер бар және олардың барлық әскери қызметшімен бірдей міндеті бар, - деп ведомство басшысы кулуарда.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында БҰҰ Қазақстанға тәуелсіз бітімгершілік миссиясына мандат бергені белгілі болды. Енді Қазақстан наурыз айында бітімгерлік миссияға 430-ға жуық әскери қызметкер жібермек.

Олар бір жыл бойы ай сайын 1000 доллар көлемінде айлық алады. Сонымен қатар егер әскери қызметкер миссия кезінде қаза табатын болса, онда оның отбасына қандай көмек көрсетілетіні де белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы