Қорғаныс министрлігі: Голан биіктігіндегі қазақстандық контингентке еш қауіп жоқ

Бөлісу:
Қорғаныс министрлігі: Голан биіктігіндегі қазақстандық контингентке еш қауіп жоқ
Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі зымырандық шабуыл туралы ақпаратқа байланысты Голан биіктігіндегі қазақстандық контингенттің қауіпсіздігіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Голан жоталарында БҰҰ бітімгерлік миссиясын орындап жатқан қазақстандық контингент қалыпты режимде жұмысты жалғастырып жатыр. Жеке құрамның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ, - деді Қорғаныс министрлігі.

Еске салайық, Израиль басып алған Голан төбелеріндегі футбол алаңын атқылау салдарынан 12 жасөспірім мен жасөспірім қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.

 

Өзгелердің жаңалығы