Қорғаныс министрлігі БҚО-да құлаған дронға қатысты пікір білдірді

26 Наурыз 2025, 11:21
746
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігі БҚО-да құлаған дронға қатысты пікір білдірді
Фото: Тасқала ауданы тұрғындарынан

Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев БҚО-да құлаған дронға қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БҚО-дағы ұшқышсыз ұшатын аппараттар бойынша барлық құзыретті органмен тергеу жүріп жатыр. Тергеуден Қорғаныс министрлігі тыс қалған жоқ. Әуе қорғанысымыз әрқашан біздің қарауымызда. Тергеудің қорытындысы бойынша қажет болса, қосымша іс-шара қабылдаймыз, - деді Жазықбаев.

Қорғаныс министрінің орынбасары БҚО-да Бөкей Орда ауданында ұшақ сынақ полигондары бар екенін айтты. Сөзінше, ол полигонның әуе кеңістігі де бар.

Мүмкін техникалық ақау болып, сыртқа шығып кеткен шығар... Басқа да себеп болуы мүмкін. Тергеу аяқталғанша, нақты айта алмаймыз. Ол дұрыс емес деп есептеймін, - деп айтты ол.

Жазықбаев еліміздің әуе қорғанысы бақыланатынын жеткізді. Айтуынша, біздің әуе қорғаныс күшіміз ҰҚШҚ елдерімен ортақ жүйемен орналасқан.

Халықты алаңдамауға шақырамын. Ұшқышсыз ұшу аппаратының нақты не себепті құлағанын тергеу нәтижесі бойынша шешім қабылдаймыз. Тергеумен ресми құқығы бар, оның ішінде Қорғаныс министрлігі де айналысып жатыр, - деп түсіндірді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданы аумағына ұшқышсыз ұшу аппараты құлаған еді.

Өзгелердің жаңалығы