Қорғаныс министрі сарбазды Азиададағы жеңісімен құттықтады

Кеше, 20:16
194
Бөлісу:
Қорғаныс министрі сарбазды Азиададағы жеңісімен құттықтады
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Армия орталық спорт клубының мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері Владислав Киреевті Харбинде өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс ведомствосының басшысы телефон арқылы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы спортшыларының жетістіктеріне мақтанатынын айтты.

Сенің жетістігің – тәртіптің, табандылық пен тынымсыз еңбектің спорттық аренада да, Отанға қызмет етуде де жеңіске жетудің кепілі екендігінің айқын дәлелі. Азиада алтынын алу – керемет нәтиже, дегенмен әр спортшының арманы – Олимпиада алтыны. Алда ол асуға да жетуіңе тілектеспін, – деді Қорғаныс министрі.

Қорғаныс министрі сарбазды Азиададағы жеңісімен құттықтады

Министр осындай лайықты ұл, спортшы және Отан қорғаушы тәрбиелегені үшін Владислав Киреевтің ата-анасына да алғысын білдірді.

Қорғаныс ведомствосының басшысы одан бөлек шаңғы жарысында қола медаль иеленген шаңғышы Олжас Климинді және биатлоннан үздік ондыққа іліккен әскерилерді, рейтингтің алтыншы және жетінші қатарында тұрған Қарулы күштердің қызметшілері – Әсет Дүйсенов пен Александр Мухинді де құттықтады.

Өзгелердің жаңалығы