Қордай, Жамбыл ауданының тұрғындары судан тапшылық көріп отыр

4 Шілде 2023, 16:01
1003
Бөлісу:
Қордай, Жамбыл ауданының тұрғындары судан тапшылық көріп отыр
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Жамбыл облысы бойынша бүгінгі таңда мұздықтардың әлсіз еруі салдарынан Қырғызстан аумағындағы су қоймаларының аз толуына байланысты жағдай күрделі болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы «ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Жамбыл облысындағы суармалы алқаптар көршілес қырғыз елінің су қоймаларына тікелей тәуелді. «Қырғызгидрометтің» 2023 жылғы вегетациялық кезеңге арналған алдын ала болжамына сәйкес, Шу және Талас өзендерінің сулылығы нормадан 100-ден 120 %-ға дейін болжанған. Сол себептен, қолда бар егілген егісті көп шығынға ұрындырмай алып шығу үшін барлық іс-шаралар атқарылып жатыр. Көршілес мемлекетпен келіссөздер жүргізілді. Өнімдерді дұрыс суғару мақсатында әр өнімді зерттеп, жүйелі пайдалануды көздеп отырмыз, – дейді ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов. 

Суды ұтымды пайдалану және егінді сақтау мақсатында Жамбыл облысының әкімдігіне су беру кезінде басымдықты айқындау, су айналымын және суару кезектілігін, түнгі суару кестесін қатаң сақтау ұсынылған.

Өзгелердің жаңалығы