ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Қордай» автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстанның екі азаматының ірі көлемде зергерлік бұйымдарды кіргізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шекаралық тексеру барысында автокөлік салонында жалпы салмағы 275 келі зергерлік бұйымдар салынған 8 жол сөмкесі анықталды. Бұл туралы ҰҚК сілтеме жасап Қазақпарат жазды.
Зергерлік бұйымдар Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аймақтық бөлімшелеріне одан әрі тексерістер жүргізу үшін берілді.
Оқи отырыңыз: