"Қордай" бекеті жұмысын уақытша тоқтатады

1 Қаңтар 2020, 15:06
14131
Бөлісу:
"Қордай" бекеті жұмысын уақытша тоқтатады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі күрделі жөндеу жұмыстарының жүруіне байланысты 20 қаңтардан бастап «Қордай» шекаралық өткізу бекетін уақытша жабуды жоспарлап отыр. 

"Егемен Қазақстан" газетінің хабарлауынша, бұл мақсатқа қажетті қаржы да бөлініп, тиісті мердігер компания жұмыстарды 2020 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлауда.

Аталған мәселеге орай, Жамбыл облысының Қордай ауданында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Парламент депутаттары және тиісті сала басшылары кездесті.

Парламент Мәжілісі Төраға­сы­ның орынбасары Владимир Божко, Мәжіліс депутаттары Серік Құсайынов, Шаймардан Нұ­рымов, Юрий Тимощенко, Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті тө­рағасының бірінші орынба­са­ры-Шекара қызметінің ди­рек­­торы, генерал-майор Дархан Ділманов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму минис­трлігі Автомобиль жолда­ры комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов, Қаржы минис­тр­лі­гі Мемлекеттік кірістер ко­ми­те­ті­нің өкілдері Қордай ауданында болып, бірқатар маңызды кез­де­­­суге қатысты.

Кезде­су­­ге көрші мемлекет тарапынан Қырғыз Республикасы Пар­ламенті Жогорку Кенеші төра­ға­сының орынбасары Мирлан Бакиров, Жогорку Кенеш депутаттары Алмазбек Эргешов, Гүлшат Асылбаева, Абдывахап Нурбаев, Қырғыз Республикасы Мемлекеттік шекара қызметі төрағасының бірінші орынбасары Абдыкерим Алимбаев, Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орын­басары Нуран Ниязалиев және Қырғыз Республикасы Эко­но­ми­ка министрінің орынбасары Автандил Алыбаев келді.

Екіжақты кездесу барысын­да депутаттар "Қордай" өткізу пункті жөндеу жұмысына жа­был­­ғанға дейін көрші Қыр­ғыз елімен арадағы негізгі ше­каралық бақылау-өткізу бекет­те­рін жөнге келтіру жайын әң­гі­­ме­леді. Сонымен қатар екі ел депутаттарының арасында "Сор­төбе" және "Ауқатты" авто­мобиль өткізу пункттерін көп­жақты халықаралыққа ауыс­ты­ру туралы мәселе көтеріліп, алдағы уақытта барлық транзит­ті­к жол көліктері аталған екі бекет арқылы өтетіндігі жөнінде айтылды. 

Кездесуде сондай-ақ, "Қарасу", "Сортөбе" және "Ауқатты" бақылау бе­кет­те­рін­де­гі шекара арқылы өту­ші­лер­ге арналған бақылау кабиналарын көбейту, қазақ пен қырғыз арасындағы шекара сызығында орналасқан көпірді қайта жөн­деу­ден өткізу, оны кеңейту сияқ­ты өзекті мәселелер де кө­те­­рілді.

Өзгелердің жаңалығы