"Қоқысты сыйлыққа айырбаста" атты ауқымды акция өтуде

11 Маусым 2024, 20:49
308
Бөлісу:
"Қоқысты сыйлыққа айырбаста" атты ауқымды акция өтуде
PHOTO
Фото: Amanat

«Қоқысты сыйлыққа айырбаста» – «AMANAT» партиясы мен «Жастар Рухы» ЖҚ-ның белсенділері ауқымды акция өткізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды қаласындағы Орталық саябақта «AMANAT» партиясының облыстық филиалы мен «Жастар Рухы» жастар қанатының өңірлік филиалы бірлесіп «Қоқысты сыйлыққа айырбаста» акциясын өткізді.

"Қоқысты сыйлыққа айырбаста" атты ауқымды акция өтуде

Өздеріңіз білетіндей, партия «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясында Road-эстафетасын бастаған болатын. Осы аптада партияның жүздеген белсендісі мен «Жастар Рухы» жастар қанатының волонтерлері «Астана – Алматы» тас жолы бойының аумағын тазартады.

Осылайша, «Қоқысты сыйлыққа айырбаста» акциясы аясында қала тұрғындары шыны, қағаз, металл және пластик қалдықтарын өткізіп, оны имидждік сыйлықтарға айырбастады.

"Қоқысты сыйлыққа айырбаста" атты ауқымды акция өтуде

Өз кезегінде, «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков пен «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова азаматтарды акцияға белсенді қатысуға шақырып, қоршаған ортаның тазалығы ортақ жауапкершілік екенін еске салды. Сондай-ақ, қоқысты дұрыс сұрыптаудың маңызына тоқталды.

"Қоқысты сыйлыққа айырбаста" атты ауқымды акция өтуде

Біз қоғам назарын еліміздегі экология мәселесіне, табиғаттың ластануына, вандализм көріністеріне аударғымыз келді. Біздің мақсатымыз – жастар арасында экологиялық мәдениет қалыптастыру. Сондықтан әр азаматтың белсенді әрекет етуі – аса маңызды. Ал жиналған қоқыс қайта өңдеуге жіберілетін болады, – деді Ақерке Искандерова.

Акция барысында өңірдің өнерлі жастары қала тұрғындарына арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

"Қоқысты сыйлыққа айырбаста" атты ауқымды акция өтуде

Айта кетейік, аталған акция тек Қарағандыда ғана емес, Road-эстафета барысында бірнеше қалада жалғасын табады.

Өзгелердің жаңалығы