Қоқыс өткізіп, бонус ал

2 Қаңтар 2022, 15:15
1531
Бөлісу:
Қоқыс өткізіп, бонус ал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Hub қатысушысы, Sagi стартапы, қайталама шикізатты жинаумен және қайта өңдеумен айналысатын LS Ecolife компаниясымен бірлесіп, "Жаңа жылды экологиялық тұрғыдан баста" атты экологиялық қозғалысты іске қосты.

Акция мерекелік демалыстан кейін, 3 қаңтардаң басталып, айдың соңына дейін жалғасады.

Жаңа жылдан кейін көшедегі қоқыс жәшіктері қаңылтырмен, сыйлық пакеттерімен, бос бөтелкелермен толады. Мұның бәрі күн сайын ұлғайып келе жатқан полигондарға жеткізіледі. Еліміздің әр азаматы жыл сайын 400 келіден астам қалдық шығарады, ресми полигондарда 45 млн тоннадан астам қоқыс жинақталған. Тек Нұр-Сұлтанның өзінде жылына 300 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналады, яғни тәулігіне шамамен 1000 тонна. Бұл ретте қалдықтың 45%-ы макулатура, қораптардан немесе ойыншықтардан қалған пластиктер. Яғни қайта өңдеуге жарамды шикізат.

Акция жүзеге асқан кезден бастап, елорда тұрғындары қалдықты қайта өңдеуге тапсырып, есесіне мекемелер мен дүкендерде жұмсауға болатын 300 бонусты ала алады. 

Мобильді қосымшаның арқасында, пайдаланушылар пластикалық бонустық карталар мен қағаз анкеталарын пайдаланудан бас тартады. Sagi бірыңғай виртуалды картасына бонустарды алу үшін шикізатты қабылдау орталығында телефон нөміріңізді қалдыруыңыз керек. Ал бонустарды жұмсау үшін қызметті төлеу кезінде клиенттің жеке кодын атау жеткілікті.

Біздің компания экотоварларды қолдап, әрқашан саналы тұтыну қағидасын ұстанады. Бүгінде жаңа технологиялар пластик пен қағаздан бас тартуға мүмкіндік береді, көптеген процестерді смартфон арқылы шешуге болады- дейді Sagi компаниясының басшысы Жақсылық Есельбаев. 

Сонымен қатар, компания қызметкерлері қайта өңдеуге жатпайтын заттарды, мысалы, жасанды шыршаларды немесе әшекейлерді бірнеше жыл бойы пайдалануға немесе қайырымдылық қорларына беруге болатынын айтты.

Шикізатты қайта өңдеуге Нұр-Сұлтан қаласы бойынша келесі мекенжайларға тапсыруға болады:

  1. Мұстафин к-сі, 17/1
  2. Манас к-сі, 11/4
  3. Қаныш Сатпаев к-сі, 29
  4. Қосшы қ, Республики к-сі, 3Б
Өзгелердің жаңалығы