Қонақжайлылық, үлкендерге құрмет көрсету. Корея елшісі екі елдің ұқсастығы туралы айтты

28 Қаңтар 2022, 12:59
2418
Бөлісу:
Қонақжайлылық, үлкендерге құрмет көрсету. Корея елшісі екі елдің ұқсастығы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-Сок мырза екі елдің ұқсастығы туралы айтты.

Елші бұл туралы екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстың 30 жыл толуына орай жолдаған құттықтауында айтты.

Ку Хонг-Сок мырзаның Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы 2020 жылы маусымда басталған.

Елші қызметіне кіріскеннен кейін қазақстандықтардың Кореяға деген үлкен қызығушылығына қуанып, таң қалғаным әлі күнге дейін есімде. Сонымен қатар қазақстандық мәдениеттің Корей мәдениетімен көп ұқсастығы, мысалы, қонақжайлылық, үлкендерге құрмет көрсету, бір-біріне сыйластықпен қарау сияқты дәстүрлер маған ерекше әсер етті, - дейді ол. 

Сөзінше, 2014 жылы визаны алып тастау туралы келісім күшіне енгеннен бері екі елдің азаматтары арасындағы мәдени және эмоционалды ұқсастықтарға негізделген өзара алмасу тұрақты түрде кеңейе бастады. 

Соңғы уақытта пандемияға байланысты өзара алмасулар уақытша қысқарғанына қарамастан, жақын арада азаматтар арасындағы алмасу қайта жанданады деп сенемін, - деп атап өтті Кореяның елшісі Ку Хонг-Сок.

Дипломат Корея мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың, әсіресе ортақ байланыстырушы буын – корей диаспорасының арқасында одан әрі дамуына әлеуеті жетеді деп санайтынын айтты. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда тұратын 108 мыңға жуық этникалық корей 1937 жылы Ресейдің Қиыр Шығысынан күштеп депортацияға ұшыраған корейлердің ұрпақтары. Қазақстан Үкіметі жүргізіп отырған ұлтаралық келісім саясатының арқасында корей диаспорасының өкілдері бүгінде маңызды рөл атқарады және қазақстандық қоғам өміріне белсенді қатысады, - деп тоқталып өтті елші.

Өзгелердің жаңалығы