Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белорустің Витебск облысындағы ауылдардың бірінде қонақ болып келген адамның мәйіті бірнеше күн мерекелік дастарханда тұрған. Оны құқыққорғау қызметкерлері анықтаған.
Бұл туралы бейсенбіде облыстық ІІБ ресми өкілі Виталий Сапроненко РИА Новости агенттігіне мәлімдеді.
Сегізінші қаңтарда милицияға Чересса ауылының тұрғыны күйеуінің бірнеше күннен бері үйіне келмегенін айтып хабарласқан. Таныстары соңғы рет оны ауылдасының үйінде көрген. Қылмыстық іздеу қызметкерлері ақпаратты тексеру үшін ауылдасының үйіне барғанда әйелдің күйеуі табылған. Оның денесі 2019 жылдың 30 желтоқсанынан бері мерекелік дастархан басында "отырған". Ауылдастар мерекені "жақсылап тойлаған". Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 6 қаңтар түнде қайтыс болған болуы мүмкін, - деді Сапроненко.
Агенттікке сұхбат берушінің айтуынша, үй иесі мен қонақтың арасында жанжал болып, үй иесі оны ағашпен басынан соғып қалған.
Бірақ ол "қонақты жарақат алды деп ойламағанын" айтып отыр. Бір нәрсенің дұрыс емес екенін түсіне бастағанына бірнеше күн өткен. Дегенмен ол милиция шақырмаған, - деді ресми өкіл.
Сараптамаға қарағанда, қайтыс болған ер адам 1969 жылы туған. Миы жарақат алып, содан қайтыс болған болуы мүмкін. Күдікті – 1966 жылы туған азамат. Белорусь ҚК 147-бабы 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Енді оған ең көбі 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.