Қонаевта көпқабатты үйдің шатыры өртенді: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Өрт жоғары ранг бойынша сөндірілуде.

 istockphoto.com 4 Қазан 2026, 17:52
4 Қазан 2026, 17:52
283
Фото: istockphoto.com
Алматы облысының Қонаев қаласында бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап жатыр.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер жоғары қауіптілік рангі бойынша жұмыс істеп жатыр.

Алғашқы бөлімшелер оқиға орнына келген кезде шатыр ашық жалынмен жанып жатқан. Өртті сөндіру үшін дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, оқиға орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылды.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, – деп хабарлады ТЖМ.

Өртті сөндіру және тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр.

Наверх