Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қонаевта 42 отбасыға пәтер кілті табысталды

28 Тамыз 2025, 17:04
488
Бөлісу:
 gov.kz
PHOTO
Фото: gov.kz

Конституцияның 30 жылдығына орай Қонаевта 42 отбасы баспаналы болды. Кілттерді қала әкімі Асхат Бердіханов салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы жылдары қала бойынша жалпы ауданы 161 мың шаршы метрді құрайтын 72 тұрғын үй салынады. Құрылыстың қарқынды жүруінің арқасында пәтер кезегі жылдам қозғалып, тұрғындар баспаналы болмақ. Облыс орталығы болғалы 193 отбасы қоныс тойын тойлады. Оның ішінде биылдың өзінде 108 пәтер кілті табысталды, - деді әкім.

Қонаевта 42 отбасыға пәтер кілті табысталды

Сондай-ақ ол жыл соңына дейін жүзеге асатын шаралар туралы айтты.

Қонаевта 42 отбасыға пәтер кілті табысталды

Бүгін Қарлығаш шағынауданында 18 жер үй көпбалалы отбасылар, жетім, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға беріліп отыр. Бұдан бөлек, 24 пәтер кілті табысталуда. Жалпы саны 42 отбасы бүгін баспаналы болды. Жыл соңына қарай үйлі болатын отбасылардың саны 200-ден асады деп күтілуде. Конституция күнімен қатар келген қуаныштарыңыз құтты болсын! - деді шаһар басшысы.

Қонаевта 42 отбасыға пәтер кілті табысталды

Бұл күні шаңырақтары шаттыққа толған тұрғынның бірі – Динара Таурбаева. Ол мүгедектігі бар екі баланы тәрбиелеп отыр. Ал кезекте тұрғанына бірнеше жылдың жүзі болған.

Қонаевта 42 отбасыға пәтер кілті табысталды

Қуанышым қойныма сыймай тұр. Әр отбасыға осындай жақсылық бұйырсын. Ел іргесі мығым болсын! Ата Заңымыздың 30 жылдығы құтты болғай! - деді ол.

Қонаевта 42 отбасыға пәтер кілті табысталды

Берілген жер үйлер мен пәтерлер сатып алу құқығымен жалға берілді. Алғашқы жарнасын төлеу арқылы үйлерді жекешелендіріп алуға болады. Жалпы Қонаев қаласында 3800-ден астам тұрғын үй кезегінде тұр. 

Өзгелердің жаңалығы