"ҚазАвтоЖол" Павлодар облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылғы 13 наурыз сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі:
- "Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы" автожолының 0 — 152 шақырым аралығы (Павлодар қаласы — РФ шекарасы);
- "Павлодар — Шарбақты — РФ шекарасы" автожолының 0 — 112 шақырым аралығы (Павлодар қаласы — РФ шекарасы).
Жолды 2026 жылы 14 наурыз сағат 08:00-да ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.