Қола медаль жеңіп алғаннан кейін, шабытым ашылды – Ғұсман Қырғызбаев

Париж Олимпиадасың жүлдегерлері Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде өз әсерлерімен бөлісті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 скриншот 20 Тамыз 2024 2024, 11:21
20 Тамыз 2024 2024, 11:21
2019
Фото: скриншот

Париж Олимпиадасың жүлдегерлері Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде өз әсерлерімен бөлісті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Татами шебері Ғұсман Қырғызбаев алдағы Олимпиада ойындарына қатысатын мәлімдеді.

Қола медаль жеңіп алғаннан кейін, шабытым ашылды десем болады. Жеке бапкерімізбен алдағы Олимпиада ойындарына дайындаламыз, - деді Ғұсман Қырғызбаев.

Боксшы Назым Қызайбай екі рет әлем чемпионы болса да, Олимпиадаға бірінші рет қатысқанын айтты.

Олимпиада - барлық спортшының арманы. Бокста жүргеніме 16 жыл болды. Екі рет әлем чемпионы болсам да, Олимпиадаға бірінші рет қатысып отырмын. Әр спортшының жолы оңай болмайды. Қиыншылықтар болады, соның барлығына төзіп, әрі қарай еңбектендім. Соның арқасында жеңдім деп ойлаймын. Барлығы жаттығуға, дайындыққа келіп тіреледі, - деді Олимпиаданың қола жүлдегері Назым Қызайбай.

Еске салайық, Алматы қаласының әкімі Париж Олимпиадасының жүлдегерлеріне тұрғын үй мен көлік табыстаған болатын.

Наверх