Қоғамдық кеңесте Алматы әуежайының жаңа дизайны талқыланды

20 Шілде 2022, 18:26
1187
Бөлісу:
Қоғамдық кеңесте Алматы әуежайының жаңа дизайны талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда жаңа Халықаралық жолаушылар терминалының тұжырымдамалық дизайны бойынша қоғамдық талқылау өтті.

Қоғамдық талқылаулар алдын-ала жарияланды, оған кез-келген адам қатыса алды. Жаңа терминалдың дизайнын талқылауға Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің, сәулет және экологиялық ұйымдардың, құрылыс ұйымдарының,  түрлі авиакомпаниялардың өкілдері мен  кәсіперлер, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

Жиын барысында қоғам өкілдері Халықаралық Алматы әуежайының жаңа Халықаралық жолаушылар терминалының дизайнына қатысты өз жобалары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Қоғамдық кеңесте Алматы әуежайының жаңа дизайны талқыланды

2021 жылдың мамыр айында Халықаралық Алматы әуежайын сатып алған TAV Airports халықаралық жолаушылар терминалының жаңа ғимаратын салуды жоспарлап отыр. Жаңа жобаны қолданыстағы инфрақұрылымдық нысандармен бірге іске асырудың арқасында әуежайға жылына 14 млн жолаушыға қызмет көрсетуге мүмкіндік болады.

Талқылау барысында қоғам өкілдерінің түрлі пікірлері тыңдалды, олар Халықаралық Алматы әуежайының жаңа Халықаралық жолаушылар терминалының тұжырымдамалық дизайны туралы соңғы шешімді қабылдау кезінде ескерілетін болады. Әуежай өкілдері түпкілікті шешім қабылдау кезінде барлық ұсыныстар мен пікірлер ескерілетінін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы