Қоғамдық бақылау тобына хабарламаны тікелей жіберетін телеграмм бот ашылды

23 Шілде 2020, 12:25
1544
Бөлісу:
Қоғамдық бақылау тобына хабарламаны тікелей жіберетін телеграмм бот ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда телеграмм бот https://t.me/CovidControlKzBot  іске қосылды, оның көмегімен пайдаланушылар COVID-19 бойынша Қоғамдық бақылау тобына хабарламалар жібере алады. 

Осы сервистің көмегімен қоғам белсенділері санитарлық нормалар мен карантиндік шаралардың бұзылуы туралы хабарламалар, медициналық мекемелердің жұмысына шағымдар және медицина қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар алатын болады, - делінген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Қоғамдық бақылау тобы - бұл азаматтық бастама, оның мақсаттары: дәрігерлердің жұмыс жағдайына мониторинг жасау және медициналық мекемелерде пациенттерді емдеу, гуманитарлық көмекті бөлуге мониторинг жасау, пандемия жағдайында әлеуметтік және медициналық көмек алуда азаматтардың құқықтарының сақталуын бақылау болып табылады. 

Қоғамдық бақылау Қазақстанның барлық облысында іске қосылып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауына ие болды.


Өзгелердің жаңалығы