Қоғам белсенділері өзекті тақырыптарға подкасттарды түсіреді

29 Сәуір 2022, 19:25
1526
Бөлісу:
Қоғам белсенділері өзекті тақырыптарға подкасттарды түсіреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен қазақстандықтардың өзекті мәселелерден хабардарлығын арттыруға бағытталған жоба іске асырыла бастады.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында «Азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізу» жобасының онлайн-тұсаукесері өтті. Ол өзекті тақырыптар бойынша азаматтардың ақпараттылығын арттыруға, сондай-ақ оларды сараптамалық талқылауға тартуға, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша диалог орнатуға, пікір алмасуға бағытталған.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында жобаны ұйымдастырушылар қоғамдағы өзекті тақырыптарға подкасттардың 8 шығарылымын дайындамақ.

Подкасттар Қазақстанның Азаматтық Альянсы алаңында түсіріледі. Өзекті мәселелерді талқылауға біз азаматтық қоғам өкілдерін, Мәжіліс пен Сенат депутаттарын, министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін шақыратын боламыз. Сондай-ақ, бізде он жылдан астам уақыт бойы ынтымақтасып келе жатқан сарапшылар пулы бар. Күн тәртібінде жаңа Қазақстанды қалыптастыру, Жолдау аясында Президенттің тапсырмаларын орындауға бағытталған шараларды іске асыру, заңнаманы жетілдіру, азаматтардың құқықтарын қорғау сияқты маңызды мәселелер тұратын болады. Осы материалдардың барлығын біз YouTube каналымызда жариялаймыз, - деп атап өтті жоба менеджері Торғын Қайдарова.

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, подкасттар сериясының қорытындысы бойынша қоғам белсенділері республикалық және жергілікті атқарушы органдарға берілетін ұсыныстар тізімін әзірлеуді жоспарлап отыр.

«Азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізу» жобасын іске асыру 2022 жылдың соңына дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы