Алаяқтар телефон қоңыраулары немесе хабарлама жіберу арқылы өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сұхбат барысында Қазақстан резиденттерінің қаражатын банктік шоттардан қылмыстық жолмен алудың әртүрлі схемаларын сылтау етіп, алаяқтықтың ықтимал белгілеріне және ҚМА тарапынан қойылған шектеулерге байланысты банктердегі шоттар бойынша операцияларды тоқтата тұру туралы хабардар етеді, -делінген хабарламада.
Әрі қарай, алаяқтар банктік шоттардың реквизиттерін, заңмен қорғалатын және құпия, жария етілмейтін деректерді ұсынуды сұрайды.
Әңгімелесу барысында жәбірленушіге Агенттік атынан жалған құжаттар жіберіледі, онда мемлекеттік органның қолы, атауы, мөрі мен реквизиттері орналастырылады.Бұл ретте, қоңырау шалушылар өз әрекеттері жайлы ешкімге хабарламауыңызға кеңес береді, - делінген хабарламада.
Қаржылық мониторинг агенттігі жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін, ақшалай есеп айырысулар/операциялар жүргізбейтінін және жеке тұлғалармен байланыс орнатуға бағытталған қызметті жүзеге асырмайтынын ресми түрде мәлімдейді.
Егер сіз алаяқтық схемаларға тап болсаңыз, сондай-ақ ұялы телефоныңыз бен ондағы деректердің ұрлануын болдырмау үшін ҚМА мұндай хабарламаларды елемеуді және құқық қорғау органдарына немесе Агенттіктің Call-орталығына (1458) хабарласуды сұраймыз.
- Мұқаба
- Жаңалықтар
ҚМА телефон алаяқтарынан сақтануды ескертетеді

-
1Еңбек демалысына қай айда шықсаңыз, көп ақша аласыз?8542Мектептегі атыс: төрт адам жарақат алды8463"Үйде жалғыз қалғанда-2": фильм режиссері Трамп түскен эпизодты қиып тастағысы келеді6624Экс-президент пен жұбайы заңсыз қаржыландыру ісі бойынша сотталды6035Қазақстандық боксшы қыздар Бакудегі турнирде тоғыз медаль жеңіп алды550