ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті 436 млн теңге қаражатты ұрлау фактісі бойынша «AlanParking» ЖШС директоры М.О.Базарбаевқа және «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры М.У. Принбековке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында келтірілген шығын толық көлемде өтелді. Қылмыстық іс сотқа жіберілді. Қылмыстың негізгі сотталушы және ұйымдастырушысы Мұрат Боранбаев халықаралық іздеуге жарияланды.
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне «Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС 70% үлесін және «AlanParking» ЖШС 100% үлесін қайтару бойынша шараларын қабылдады.