Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясы басталды.
Биылғы сессияның неігізгі тақырыбы - «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі»
«Қоғамдық келісім» РММ директоры Ғалымжан Құсманғалидің айтуынша, сессия екі күнге жоспарланған.
Бірінші күні үш секцияда пікірталастар өтеді – «Ұлт келешегі және ҚХА-ны жаңғырту, «Халық бірлігі; білімнің, мәдениеттің және азаматтық қоғам мен бұқаралық медиа институттарының рөлі» және үшінші секцияның тақырыбы Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар сессиясы» талқыланады. Екінші күні ҚХА сессиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтеді, - деді ол.