ҚХА-дан сайланған депутат алғаш рет шығып қалып отыр. Әбдірахманов сайлау туралы айтты

28 Сәуір 2022, 18:43
1441
Бөлісу:
ҚХА-дан сайланған депутат алғаш рет шығып қалып отыр. Әбдірахманов сайлау туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахманов айтты. 

Өткен жылы Мәжіліске ҚХА атынан сайланған Владимир Тохтасунов көп ұзамай инсультқа ұшырап, төсекке танылып қалды. Жылдың басында ол денсаулығына қатысты жұмыс істей алмайтынына қатысты өтінішін жазды. Одан кейін ОСК 17 наурыздағы өз шешімімен депутат  сайлауын 28 сәуірге бекітті. Бұл – ҚР-ның «Сайлау туралы» заңының 93-бабына сәйкес қабылданған шешім. Ол бойынша шығып қалған депутаттың орнына депутат сайлау туралы шешімді  ОСК шығарады. Оның тәртібі бойынша Мәжіліске сайланған депутатты сайлау сессияда жүзеге асырылады. Бүгін сессия өтті. Екі баламалы кандидат ұсынылды, - деді ол. 

Әбдірахманов айтқандай, ұйғыр этнобірлестігінен Зәкіржан Кузиев пен  Литва этномәдени бірлестігінің белсендісі Виталий Йоно ұсынылды. 

Қазір сайлау өтіп жатыр. Жақсы шешім қабыладанады. Мәжіліске тағы бір жақсы депутат келеді деп сенеміз. Бұрын да сессияда дауыс берілетін. Бұған дейін ҚХА-дан Мәжіліске сайланған депутат алғаш рет осылай шығып қалып отыр. Осы шақырылымдағы соңғы сайлау болуы мүмкін. Алдағы кезде Сенатқа тікелей сайлау болмайды. Президентке 5 адам үміткер болып ұсынылады. Президент өзі тағайындайды. Мәжіліске ҚХА-дан депутат сайланбайды, - деді Сауытбек Әбдірахманов. 

Айта кетейік, сайлау қорытындысы бойынша Закиржан Кузиев 60,94% дауыспен жеңіске жетті. 

Өзгелердің жаңалығы