Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ҚФФ президенті құраманың жеңілісіне қатысты мәлімдеме жасады

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
8 Қыркүйек 2025, 10:53
723
Бөлісу:
 ҚФФ
Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Үкімет үйінің кулуарында Бельгиядан 0:6 есебімен жеңілгеннен кейін құраманың нәтижесіне қатысты жеке жауапкершілігі туралы сұраққа пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Менің жауапкершілігім – футбол жүйесін дамыту. Өкінішке қарай, жылдар бойы елімізде инфрақұрылымды дамыту мәселесі шешілмей келгені бәрімізге белгілі. Федерация президенті ретінде мен ең алдымен осы инфрақұрылымның дамуына жауаптымын, - деді Омаров.

Сондай-ақ ол ұлттық құраманың және жаттықтырушылар штабының елге оралуын күту қажет екенін айтты.

Оралған соң барлық сұрақтарыңызға өздері жауап береді деп ойлаймын. Мен де жанкүйер ретінде уайымдаймын. Цикл расында да ауыр болды, бірақ мен болашаққа үмітпен қараймын, - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Али Алиев Бельгиядан ірі есеппен (0:6) жеңілгеннен кейін өз еркімен қызметінен кететінін жариялаған болатын.

Оның басшылығымен Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бес матч өткізіп, небәрі үш ұпай жинады. Команда Бельгиямен (0:6), Уэльспен (1:3 және 0:1), Солтүстік Македониямен (0:1) жол берсе, жалғыз жеңісті Лихтенштейнге қарсы ойында (2:0) тіркеді.

Алиевтің отставкасы ұлттық құраманың іріктеудегі сәтсіз бастамасының заңды жалғасы болды.

Өзгелердің жаңалығы