ҚБТУ айналасындағы шу. Қор түсінік берді

Кеше, 21:30
124
Бөлісу:
ҚБТУ айналасындағы шу. Қор түсінік берді
Фото: kk.wikipedia.org

БАҚ-та Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) активтерін "Қайтарылған активтерді басқару компаниясының" (ҚАБК) балансына беру туралы ақпарат таралып жатыр. Осы жағдайға байланысты "NNEF" қоғамдық қоры түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ қорға сілтеме жасап.

Расында, қаржылық есептілік депозитарийінде 27 ақпаннан бастап ҚБТУ-дың 100% акциясының иесі ретінде "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" көрсетілген. Акционердің өзгеруі қордың еркінен тыс, сот шешіміне сәйкес жүзеге асырылды, - делінген хабарламада.

Түсініктемеде айтылғандай, қор 2018 жылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілген ашық конкурс нәтижесінде ҚБТУ-дың 100% акциясын сатып алды. "Baker Tilly Kazakhstan Advisory" тәуелсіз консалтингтік компаниясы бизнеске кешенді бағалау жүргізіп, қорытындысын ұсынды. Конкурс нәтижесінде “NNEF” ҚҚ мен “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ арасында сатып алу-сату келісімшарты жасалып, мәміле құны 12 110 187 000 теңгені құрады.

Қор сатып алған кезде университет дағдарысты жағдайда болды: қордаланып қалған шығын 2,7 млрд теңгені құрады. Студенттер контингенті небәрі 1 871 адамнан тұрса, профессорлық-оқытушылық құрам (ПОҚ) негізінен қосымша жұмыс істейтін оқытушылар болып, бұл ғылыми деңгейдің төмендеуіне әсер етті. Университет барлығы 16 білім беру бағдарламасын ғана ұсынды, ал Қазақстан үшін басым бағыттардың бірі саналатын Қазақстандық теңіз академиясы (КМА) және Лондон экономика мектебі (LSE) жабылудың алдында тұрды. Мұнай-газ саласындағы кейбір техникалық мамандықтарға тапсырушылар саны жетпей, аталған бағдарламаларға лицензиясынан айырылу қаупі туды. Университеттің барлық техникалық және инженерлік коммуникациялары апатты жағдайда болды, олар салынғаннан бері жөндеу көрмеген: шатыр мен лифттер қайта қалпына келтіруді қажет етті, санитарлық тораптар жұмыс істемеді, еден, есік-терезе мен баспалдақтардың да күйі мәз емес-ті, - делінген қор таратқан ақпаратта.

Осы қиын жағдайда қор университетті дағдарыстан шығару және оны жан-жақты трансформациялау стратегиясын әзірледі. Қордың тиімді басқаруының арқасында КБТУ қысқа мерзім ішінде дағдарысты еңсеріп қана қоймай, жаңа сапалы деңгейге көтерілді. Бүгінде КБТУ-дың жетістіктері мен табысы айқын:

• Студенттер саны 1 871-ден 7 649 адамға дейін өсті;

• Білім беру бағдарламалары 16-дан 68-ге дейін артты;

• Екі жаңа факультет ашылды;

• КМА және LSE сияқты басым білім беру бағдарламаларының дамуына қолдау көрсетілуде;

• LSE-КБТУ бағдарламасы бойынша 600-ден астам түлек дайындалып, олар еліміздің және әлемнің жетекші компанияларында табысты жұмыс істеуде;

• АО “Каспий Мұнай” компаниясымен бірлесіп Smart Field Airankol онлайн-оқыту платформасы іске қосылды;

• Smart Field Airankol полигоны негізінде Орталық Азиядағы алғашқы оқу-жаттығу кен орны құрылды;

• Инновациялық ғылыми жобалар үшін 35 зертхана ашылды;

• Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп, Қазақстандағы алғашқы Smart City зертханасы құрылды;

• SciVal (2018–2023 жж.) деректеріне сәйкес, бір авторға шаққандағы ғылыми жарияланымдар саны бойынша ҚБТУ Қазақстандағы үздік үш жоғары оқу орнының қатарына кірді;

• Түлектердің 90%-ы жақсы жұмысқа орналасады немесе магистратурада оқуын жалғастырып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы