Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазығұрт ауруханасының бұрынғы бас дәрігері 115 млн теңге жымқырған

Бүгiн, 20:53
69
Бөлісу:
 pexels.com
Фото: pexels.com

Қаржылық мониторинг агенттігі Түркістан облысында медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Агенттіктің ақпартынша, «Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы» МКК бұрынғы бас дәрігері медициналық газбен жабдықтау жүйесіне арналған құрылғыларды сатып алу кезінде оларды жасанды түрде бірнеше бөлікке бөліп, кейін көптеген келісімшарттар жасау арқылы сатып алуды ұйымдастырған.

Схеманы жүзеге асыру үшін ол медициналық жабдықтарды жеткізу саласында тәжірибесі бар танысын тартқан. Ол өзіне бағынысты, туыстары мен таныстарының атына тіркелген коммерциялық ұйымдарды пайдаланған. Осы компаниялардың атынан әдейі асыра көрсетілген коммерциялық ұсыныстар дайындалған. Сонымен қатар, жабдықты іс жүзінде басқа компания жеткізгенімен, қабылдау актілері мен келісімшарттар бақылауындағы фирмалар арқылы рәсімделген. Ауруханадан аталған компаниялардың есепшоттарына қаржы түскеннен кейін күдіктілер қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, өзара бөлген, – делінген хабарламада.

Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 115 млн теңгені құрады.

Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдікті елордадан 2 бөлмелі пәтер сатып алған, сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды.

Бұрынғы бас дәрігерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылды, ал оның сыбайласы үй қамақта отыр.

Өзгелердің жаңалығы