Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 жастағы қазақстандық Қазыбек Нөгербек жылдам шахматтан әлем чемпионы атанды. Бұл туралы «Астана» орталық шахмат клубы хабарлады.
Оның жетістігі орталық шахмат клубының мәлімдемесінен белгілі болды.
Жаңа ғана 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында World Youth Rapid Championships 2022 Open Under 18 рапидтен әлем чемпионаты аясындағы ашық турнирдің соңғы кезеңі аяқталды. Онда біздің шәкіртіміз Қазыбек Нөгербек бірінші орынды жеңіп алып, 18 жасқа дейінгі жастар арасында рапидтен әлем чемпионы атанды! Қазыбекті құттықтап, алдағы блиц-турнирде сәттілік тілейміз», - делінген «Астана» орталық шахмат клубының Instagram парақшасында.
Чемпионат Грекияның Родос аралында өтіп жатыр.