QazVac вакцинасы халал сертификатын алды

1 Қараша 2021, 17:30
975
Бөлісу:
QazVac вакцинасы халал сертификатын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен брифингте қаланың Орталық мешітінің наиб имамы Ержан Есім айтты. 

Дін қызметкері ислам тұрғысынан вакцина егу туралы сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, бірде-бір дәстүрлі дінде вакциналануға тыйым салынбаған, керісінше, денсаулықты сақтауға деген кез келген ұмтылыс қолдау табады.

Біз отбасымызды коронавирустан қорғап, қамқорлық жасауға тиіспіз. Вакциналану – бұл жалғыз шешім және қазір өте маңызды. Дін әркімге өмір мен денсаулыққа дұрыс күтім жасауды және аурудың алдын алу жолдарын іздеуді міндеттейтінін есте ұстаған жөн. Вакциналар бірқатар мұсылман елдерінде қолданылады. Сондықтан уақыт жоғалтпай, халал және халал емес вакциналарды қарастыру қажет. Адамдардың өмірін құтқаратын кез келді, – дейді дін қызметкері.
Ол сондай-ақ Сауд Арабиясы билігінің шешімімен Мекке мен Мединадағы қасиетті орындарға үлкен және кіші қажылыққа қатысу үшін мұсылман қажылары коронавирусқа қарсы вакциналаудан өтуі керек екенін айтты. Бұл шешімді бүкіл әлемдегі діндарлар қолдаған.

Наиб имам QazVac қазақстандық вакцинасы халал жалпы талаптарға сәйкес сертификатын алғандығын да атап өтті.

Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Алматы тұрғындарын иммундау науқанына белсенді қатысуға шақырды. Өйткені бүгінде қауіпті вирусты жеңудің жалғыз жолы. Сондай-ақ ол интернеттегі дінге ешқандай қатысы жоқ қауесеттерге сенбеуге кеңес берді.

Өзгелердің жаңалығы