Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студентінің қаза болу себебі белгілі болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, ҚазҰУ-да орын алған қайғылы оқиға бойынша тергеу органдары әлі де жұмыстар жүргізіп жатыр.
Сот шешімдері немесе қорытындылар шыққанға дейін айта алатыным, бұл негізінен, отбасылық ішкі трагедия, – деп түсіндірді министр.
Министрдің айтуынша, "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады.
Бұл университетке де, оқу процесіне де байланысты емес, отбасылық ішкі трагедия. Жақын уақытта ресми ақпарат беріледі, – деді Саясат Нұрбек.
Еске салайық, 30 шілде күні ҚазҰУ студенті 14-қабаттан құлап қаза тапқан еді.