ҚазҰУ-да Республика күніне орай жас ғалымдар форумы өтті

19 Қазан 2022, 13:30
1411
Бөлісу:
ҚазҰУ-да Республика күніне орай жас ғалымдар форумы өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күніне орай, Жас ғалымдар мен үздік білім алушылар форумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Форумға университет басшылығы мен оқытушы-профессорлар құрамының өкілдері, докторанттар, магистранттар мен білім алушылар қатысты. Іс-шараны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ашып, Республика күніне арналған шараның мәні мен маңызын атап өтті. 

Сіздер еліміздің болашағы, жаңа Қазақстанды құрушы жаңа буын өкілдерісіздер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – дарынды жастар мекені. Бүгінгі жастар ғылым мен технологияның қыр-сырын игерген өте білімді, алғыр. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз», – деп айрықша атап өткен болатын, – деді ректор.

Қазіргі таңда жас ғалымдардың, талантты студенттердің шығармашылық, ғылыми әлеуетін дамыту мақсатында университет барлық қажетті жағдайды жасап жатыр.

Бүгінде университетте 300-ден астам жас ғалым жұмыс істейді. Олардың ішінде 49 ғалым Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жас ғалым» жобасының жеңімпазы атанған. Басым көпшілігі әлемнің жетекші университеттері мен орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтіп келген. Оларың ғылыми жетістіктері елімізде ғана емес, шетелде де жоғары бағаланып жүр. 

2022 жылы жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру аясында жалпы сомасы 900 миллион теңгеден асатын 60-қа жуық жоба орындалып жатыр. Жансейіт Түймебаев бұл көрсеткіш ҚазҰУ жастарының жоғары ғылыми-инновациялық әлеуетінің дәлелелі екенін атап өтті.

Форум аясында зерттеулерді коммерцияландыру мәселелері және университеттің жас зерттеуші ғалымдарының ғылыми қызметінің өзекті бағыттары талқыланды.
Жиын соңында ректор жас ғалымдармен еркін форматта кездесіп, ғылымдағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында және ғылыми жетістіктер көрмесін ұйымдастырып, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуге жол ашатын Жас ғалымдар қорын құруды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы