«ҚазТрансГаз Аймаққа»  5 млн теңгеден астам айыппұл салынды

27 Маусым 2022, 12:36
1046
Бөлісу:
«ҚазТрансГаз Аймаққа»  5 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚазТрансГаз Аймаққа»  5 340 143 теңге айыппұл салынды. 

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ  Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 166-бабының екінші бөлігі бойынша инвестициялық бағдарламаны іске асыруға қолданылмаған соманың он пайызы көлемінде сомасы 5 340 143 теңгені құрайтын айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тауарлық газды іске асыру саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі бола тұра шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауға міндетті.

Алайда, қолданыстағы заңнама талаптарын бұзуда Қоғам 2021 жылға тауарлық газды көтерме іске асыру қызметі бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шаралары орындамаған.

Өзгелердің жаңалығы