«Qazsport» телеарнасында Жақсылық Үшкемпіров апталығы өтеді

12 Қыркүйек 2020, 11:19
1918
Бөлісу:
«Qazsport» телеарнасында Жақсылық Үшкемпіров апталығы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 12 қыркүйекте қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіровтың өмірден өткеніне 40 күн толады. 

Осыған байланысты «Qazsport» телеарнасы 12 қыркүйектен бастап Үшкемпіров апталығын ұсынады. Онда қазақстандық көрермендер мен спорт жанкүйерлерінің назарына әлем чемпионының көзі тірісінде түскен «Қазақстан» телерадиокорпорациясының бейнеқорында сақталған жобалар ұсынылады.  

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы аты аңызға айналған тұлғаның өмірі жас ұрпаққа үлгі боларына сенім білдіре отырып, жобаларды «Алтын қорда» сақтауды маңызды міндеті деп біледі, - делінген хабарламада.

Бағдарламалар кестесі: 
12 қыркүйек 11:50 «Алтын бастау» деректі фильмі
13 қыркүйек 17:05 «Келбет»
14 қыркүйек 09:40 «Менің Олимпиадам»
15 қыркүйек 11:55 «Сен де бір кірпіш дүниеге...»
16 қыркүйек 10:15 «Дара жол»
17 қыркүйек 11:45 «24 сағат табиғат құшағында».

Өзгелердің жаңалығы