Қазіргі лаңкестердің әрекет етуі мүлде бөлек - әскери сарапшы

7 Қаңтар 2022, 19:50
3174
Бөлісу:
Қазіргі лаңкестердің әрекет етуі мүлде бөлек - әскери сарапшы
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Срапшылар қазіргі лаңкестердің әрекет ету тактикасы өзгергендігін айтады. Олар бұрынғыдай жиі жарылыс жасап, жанкештілерді жібермейді. Бұл туралы әскери журналист Амангелді Құрмет Хабар 24 арнасына берген сұқбатында айтты.

Қоғамға сіңіп, тамырын басқан соң елмен бірге биліктегілерге лап береді. Ал кейін басқаруды өз қолдарына алады - дейді әскери сарапшы Амангелді Құрмет. 

Ол Қазақстанда болып жатқан бүліктің кейбір элементтері Иракта 2014 жылы ДАИШ ұйымдастырған қырғынға ұқсас екенін айтып қалды.   

Халықтың қандайда бір наразылық акциясына шығуын күтіп отырған үлкен бір топтың барын байқағандай болдым өз басым. Ол барлық қалада сондай адамдарын топтастырып қойған. «Ұйықтап жатқан клетка» деген термин болады осындай жасырын ұйымдарда. Базар маңында, басқа да жерлерде осылай ұзақ уақыт команданы күтіп отыратын адамдар болады. Бұлар сол тәсілмен жұмыс істегенін байқаймыз. Бұл Алматыда ғана жасалған жоқ. Басқа қалаларда да бір мезгілде жасалды.Тіпті радикалды топтар бола қоюы неғайбыл. Теріскейдегі, шығыстағы кейбір өңірлерде де осындай әрекет жасады. Демек бұны ұзақ уақыт дайындаған. Мұндай дайындыққа жету үшін кемі бір жылдың дайындығы керек - дейді Амангелді Құрмет.

Өзгелердің жаңалығы