Қазір миға емес, көзге жүк түсетін уақыт – Өркен Кенжебек

5 Маусым 2022, 13:18
1568
Бөлісу:
Қазір миға емес, көзге жүк түсетін уақыт  – Өркен Кенжебек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Танымал блогер, саяхатшы Өркен Кенжебек «Референдум» онлайн марафоны аясындағы дискуссияда интернет пен телевизияға қатысты пікір білдірді.

Ай мен Күн бірге тұрмайды. Қазіргі заманның Күні – интернет, әлеуметтік желі. Қазір Қазақстанда 19 миллион адам болса, оның 16 миллионы аптасына бір рет болсын әлеуметтік желіге кіреді. Оның ішінде 14 миллионы белсенді түрде қолданады. Осы 19 миллион адамның қолында 25 миллион құрылғы бар. Ал телевизияны бір мезетте 15 миллион адам қарап отыр деген факт қаншалықты қисынды? Сондықтан аудиторияны қамту тұрғысынан қазір интернет бірінші орында, – деді ол.

Журналист Мақат Садық Өркен Кенжебекке жауап ретінде халыққа аналитикалық, мемлекеттің мүддесінде пікір айтатын телевизия қажет екенін алға тартты.

Осыдан 5-6 жыл бұрын әлеуметтік желі телеарна, газетте шыққан жаңалықтарды талқылайтын, өйткені өзі контент шығармайтын. Қазір керісінше әлеуметтік желідегі жаңалықтарды телевизияда немесе газетте талқылайтын болды. Сондықтан адам визуалдан шаршамайынша тенденция жалғаса береді. Қазір миға емес, көзге жүк түсетін уақыт, – деді блогер журналистке жауап ретінде.

Өзгелердің жаңалығы