Қазақстандық қажыларға туристік агенттіктер арқылы умра мен қажылық ұйымдастыру кезінде компания таңдауда өте сақ болуға кеңес беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төменде Қазақстан Ішкі істер министрлігінің алаяқтардың құрбанына айналмау және ақша жоғалтпау туралы ұсыныстары берілген.
Компанияның лицензиясы мен беделін тексеріңіз
Мұндай сапарларды ұйымдастыратын ресми туристік компаниялардың мемлекеттік лицензиясы болуы керек. Тұтынушы пікірлерін мәндетті түрде қарап шығыңыз. Туроператорлар әрбір туристке жол жүру кодын беруі керек.
Тым төмен бағаға елікпеңіз
Егер ұсыныс тым тартымды болып көрінсе, бұл алдап адам тартудың құйтырқы жолы болуы мүмкін. Әртүрлі туристік агенттіктердің бағаларын салыстырыңыз және құны нарықтағы бағаларға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Құжаттар мен келісім-шарттарды тексеру қажет
Барлық келісімшарттарды оларға қол қоймас бұрын мұқият оқып шығыңыз. Ұсақ жазуларға назар аудару болашақта жағымсыз тосынсыйларды болдырмауға көмектеседі. Түсінбеген нәрсе болса, маманмен кеңесуден тартынбаңыз.
Байланыс мәліметтеріне назар аударыңыз
Сенімді туристік агенттікте әрқашан байланыс телефондары, электрондық поштасы және нақты мекенжайы болады. Алаяқтар нақты байланыс ақпаратынсыз виртуалды беттердің артына тығылып алады.
Экскурсия бағдарламасын егжей-тегжейлі зерттеңіз
Турдың бағасына не кіретінін біліңіз (ұшу, тұру, көлік, тамақтану, медициналық сақтандыру және басқа қызметтер). Барлық қажетті шығындар есепке алынғанына және жасырын төлемдердің жоқтығына көз жеткізіңіз.