Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Париж Құдай Ана соборын қайта қалпына келтіруге шамамен миллиард доллар керек.
Франциялық танымал архитектор Жан-Мишель Вильмотт жанып кеткен Париж Құдай Ана соборын қайта қалпына келтіру үшін қажетті соманы атады.Айтуынша, собордың ішін әрлеудің және басқа да құрылыс жұмыстарының белгілі бір бағалауы бар.
«Иә, шамамен сонша болады», - деп жауап берді Вильмотт France Inter Радиотолқынындағы жүргізушінің миллиард еуро туралы сұрағына.
Сонымен қатар, архитектор егер барлық айтылған қайырымдылық ақшасы қорға түссе, онда реконструкцияның бағасын шығаруға болатынын атап өтті.
Бұған дейін дүйсенбі кешке қарай Франция мәдениетінің жақұты — Париж Құдай Ана Соборы өртенгенін хабарлаған болатынбыз.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында Франция басшысы Эммануэль Макронға Париж Құдай Ана Соборының өртенуіне қатысты көңіл айтқан болатын.