Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Қазгидромет": Жұма күні ел аумағында қар жауып, тұман түседі

28 Ақпан 2025, 07:48
489
Бөлісу:
 BAQ.KZ - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Синоптиктер 28 ақпанда республикамыздың басым бөлігінде ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжам жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"РМК-ға сілтеме жасап.

Болжамға сүйенсек, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қар жауады.

Сондай-ақ ел аумағында тұман түседі.

Елдің оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында жел күшейіп, бұрқасындатады, - деп атап өтті компаниядан.

Түнде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде қалың қар жауады.

Еске салайық, бұған дейін қыстың соңғы күнінде бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы