Қазгидромет Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы мәлімет жариялады

12 Сәуір 2024, 10:15
248
Бөлісу:
Қазгидромет Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы мәлімет жариялады
Фото: Атырау облысы әкімдігінен

12 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

“Қазгидромет" Атырау облысы бойынша РМК-ның мәліметінше, гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 2024 жылдың 12 сәуір таңғы 8 сағаттағы жағдай бойынша су деңгейінің көтерілуі:

Индербор кентіндегі гидропостта су деңгейінің көтерілуі - 14 см, БҚО тарапынан судың келуі есебінен су тасқыны басталғалы бері жалпы су деңгейініі көтерілуі - 278 см, Махамбет кентінде су деңгейі 28 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу деңгейі - 288 см, Атырауда су деңгейінің көтерілуі - 22 см, су тасқыны басталғалы бері жалпы су деңгейінің көтерілуі - 143 см. 12 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу деңгейі 720 м3 / с , - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы